Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Партияның "Өзгерістер жолы: әр азаматқа лайықты өмір" деп аталған сайлауалды бағдарламасын...

Ел болашағын айқындайтын саяси додаға санаулы күндер ғана қалды. "Nur Otan" партиясы атынан қалалық мәслихат депутаттығына түсіп жатқан кандидаттар үгіт-насихат жұмыстарын үдете түсті. Бүгін үміткерлер Үмітжан Жасынбекова мен Нүркен Ғабдулуахитов орталық базарға барды.

Партияның "Өзгерістер жолы: әр азаматқа лайықты өмір" деп аталған сайлауалды бағдарламасын түсіндіру үшін келген кандидаттар саудагерлер мен сатып алушыларды әңгімеге тартты. Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы жетекшілік ететін "Nur Otan" партиясының ел игілі үшін атқарған ілкімді істерін паш еткен кандидаттар алдағы жылдары жүзеге асатын ауқымды жобаларға тоқталды. Жезқазған қаласын газдандыру, абаттандыру мен көгалдандыру, өнеркәсібін өркендетіп, тұрғындарына сапалы білім мен медициналық қызмет ұсыну бағытында қолға алынатын шаралар да баяндалды. Кандидаттарға сәттілік тілеп, қолдау танытқан орталық базардың тұтынушылары "Таңдауымыз - " Nur Otan" деп сендірді!!!!

@nur_otan @baibekbk @arman_kyrykbayev @jas_otan @elnurbeisenbai

#NurOtan #JenimpazBol #BizBirgemiz #JasOtan #Tanday2021

0
0
146

Осы тақырып бойынша

Партияның "Өзгерістер жолы: әр азаматқа лайықты өмір" деп аталған сайлауалды бағдарламасын... - Yvision.kz