Партияның Шалқар аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Шамбалаев Жарылғасын Талмырзаұлы
Шамбалаев Жарылғасын Талмырзаұлы 1964 жылы мамыр айының 01-і күні Құланды ауыл советі Арал ауданы, Қызылорда облысында дүниеге келген. 1971-1981 жылы аралығында №22 Аван орта мектебінде 10 жылдық білім алған. 1981-1982 жылы Ақтөбе облысы Шалқар ауданы, Шалқар қаласында «Автомектебінде» оқып, жүргізуші мамандығын игерген. 1982-1984 жылы Кеңес Одағының Кострома қаласында №83280 “Г” Әскери бөлімде Отан алдындағы борышын өтеген. 1984-2012 жылдар аралығында Ақтөбе облыстық Ішкі Істер Департаментінде қызмет еткен. 1996-2000 жылы Ақтөбе Индустриялдық Педагогикалық колледжінде оқыған. Мамандығы - сабақ беру шебері. 2000-2002 жылдары Ақтөбе қаласында «Қайнар» Университетінде оқыған. Мамандығы – заңгер. 2012-2013 жылы «Өнеркәсіп құрылыс» Жауапкершілігі шектеулі серіктестігінде бақылау бөлім бастығы болып қызмет еткен. 2013-2016 жылдары Шалқар ауданы Бозой ауылдық округінің әкімінің қызметін атқарған. 2016 жылдың желтоқсан айынан бастап «Nur Otan» партиясы Шалқар аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасарының қызметін атқарады. Аудандық мәслихат депутаты, «Nur Otan» партиясының фракция мүшесі.
Шамбалаев Жарылғасын Талмырзаұлы отбасында 5 бала, 9 немере тәрбиелеп отыр. «КСРО милициясының үздігі» төсбелгісімен, «Ішкі істер органының мінсіз қызметі үшін» медальдарымен, «Ішкі істер полициясының үздік қызметі үшін» төсбелгісімен, «Ішкі істер органдарының ардагері» медалімен, «Ұлттық Қауіпсіздік Комитетінің Шекара қызметінің ІІ дәрежелі» төсбелгісімен, 2018 жылы «Астана қаласының – 20 жылдығы» мерекелік медалімен және 2019 жылы Қазақстан Республикасының Президенті Қ.К.Тоқаевтың «Алғыс хатымен» марапатталаған.
