Партияның сайлауалды бағдарламасын түсіндіру
Партияның сайлауалды бағдарламасын түсіндіру мақсатында 29 желтоқсан күні Мұнайлы ауданы, Баянды елді-мекенінде, тұрғындармен кездесу өткіздік.
Шараға менімен бірге облыстық, қалалық, аудандық депутаттықа үміткер Киікбай Жақыпұлы, Қонысов Руслан, Бөкебаев Дулат, Байназарова Жанар, Мырзагалина Ақмейір қатысты.
Бағдарламада берілген 7 басымдыққа жеке-жеке тоқталып, әр бағыт бойынша атқарылатын жұмыстар айтылды.
Сайлаушылар тарапынан қойылған сұрақтарға нақты жауап берілді. "Nur Otan" партиясының сайлауалды бағдарламасына үгіт-насихат жасалды.
Сондай-ақ, "Nur Otan" партиясы 2025 жылға бағдарламасында ауданның халқын сапалы ауыз сумен, спорт-мектебін ашу, ауылды көгалдандыру бойынша қамтамасыз ету мәселелерін шешілетіндігін айттық.
Ospan Kazakhbayev


