Партияның сайлауалды бағдарламаларымен таныстырды
Бүгін Шетпе ауылында облыстық мәслихат депутаттығына кандидат Б.Жүсіповтың сенімді өкілі Т.Абдуллаева және аудандық мәслихат депутаттығына кандидат А.Ордабаева мен А.Сарбалаевтың сенімді өкілі О.Морханов канвассинг өткізді. Кездесуде "Маңғыстау ауданының Құрметті азаматы", әлеуметтік сала ардагері Жұмағұл Сельбаевтың шаңырағында болып, партияның сайлауалды бағдарламаларымен таныстырды. Алдағы болатын сайлаудың сәтті өтуіне тілек білдірген Ж.Селбаев ақ батасын берді.
