Партияның қоғамдық бақылау бөлмелерінің жұмысы басталды
"Nur Otan" партиясының Зеренді аудандық филиалының қоғамдық қабылдау бөлмесінде онлайн түрінде қабылдаулар да өткізілуде. Зеренді аудандық "Білім беру бөлімі" ММ-сі басшысының міндетін атқарушы Рахимжанов Н.С. азаматтарды жеке мәселелерімен онлайн түрде қабылдады. Қабылдау барысында ата-ана тарапынан қазіргі аурудың ушығып тұрған кезінде мектеп оқушыларын қайтадан онлайн оқытуға көшіру туралы мәселе көтерілді. Келіп түскен барлық сұрақтарға жауап берілді.
