Партияның ЕҚФ сайлауалды бағдарламасының негізгі бағыттары талқыланды
Бүгін «Nur Otan» партиясы ЕҚФ офисінде «Nur Otan» партиясынан облыстық мәслихат депутаттығына кандидаттар Мирхат Мұсанап, Михаил Цыбанев, Серік Сәдуақасов «Промсервис Отан» ЖШС Бастауыш партия ұйымы өкілдерімен онлайн-кездесу өткізді.
Диалог кезінде партияның ЕҚФ сайлауалды бағдарламасының негізгі бағыттары талқыланды.
Бастауыш партия ұйымының өкілдері пандемияның қазіргі ахуалы, қызмет көрсету кәсіпорындарының жұмысы, қаланың инфрақұрылымы туралы сұрақтар қойды.
«Nur Otan» партиясы ЕҚФ сайлауалды штабының баспасөз қызметі.
