Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Партиямыздың 2025 жылға дейін арналған сайлауалды бағдарламасы.

Партиямыздың 2025 жылға дейін арналған сайлауалды бағдарламасымен таныстыруды жалғастырамыз. Әр салаға ерекше басымдық берілген бағдарламада тұрғындарды баспанамен қамтамасыз ету мәселесі жолға қойылған. "Nur Otan» партиясы отбасы институтын нығайту, олардың материалдық тұрақтылығын қамтамасыз ету, тұрғын үй алу үшін мүмкіндіктер жасау жөніндегі шаралар кешенін қолдануды қажет деп санайды. Облыста мемлекеттік тұрғын үй бағдарламалары тиімді іске асырылуда. 2025 жылға қарай облыс бойынша бір тұрғынға тұрғын үймен қамтамасыз ету көрсеткішін 17,1-ден 19,8 шаршы метрге дейін жеткізу жоспарлануда. Бұл үшін «Nur Otan» партиясы: 📷 Шамамен 606,2 мың шаршы метр тұрғын үй немесе 10,8 мың пәтер салуға, 5 жылда облыстың қалалары мен аудандарында 156 тұрғын үй пайдалануға беруге; 📷 350 үйге 550 инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымды салуға және жүргізуге; 📷 Көп пәтерлі тұрғын үй құрылысы және жеке тұрғын үй құрылысы аудандарының инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымын дамытуға және жайластыруға; 📷 Облыс тұрғындарын «7-20-25» және «5-10-20» бағдарламалары бойынша кредиттік тұрғын үймен қамтамасыз етуге; 📷 Тұрғын үй құрылысына жеке инвестицияларды тартуға және мемлекеттік-жекешілік әріптестікті ынталандыруға; Нәтижесінде 2025 жылға қарай 11 мың отбасын тұрғын үймен қамтамасыз етуге ықпал етеді. Сайлауға бір кісідей қатысып, "Nur Otan" партиясын таңдаңыз. #Қиындықты_еңсеріп #Жеңіске_бірге_жетеміз #Сайлау_2021 #Нұр_Отанға_Дауыс_Бер

0
0
262

Осы тақырып бойынша