Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Партиялық жобаларды таныстыру бағытында мағұлмат

Партиялық жобалар туралы хабарлама

Бүгін «Nur Otan» Жылыой аудандық партия филиалында өткен тікелей эфиринде партия филиалы төрағасының бірінші орынбасары Ш.Ж.Темирбаева халықтың өзекті әлеуметтік мәселелерін шешуге бағытталған "Халыққа көмек" партиялық жобасының жұмысы журу шеңбері аясында туралы баяндама жасады.

Бұл жоба Елбасының тікелей бастамасымен қолға алынып отыр. Атап айтқанда, «Nur Otan» партиясының көшбасшысы кезекті XVIII Съезінде халықтың басындағы және қоғамдағы өзекті мәселелерге қатысты жедел әрекет ету керектігін айтып, "Халыққа көмек" жобасын жүзеге асыруды тапсырған болатын.

Жаңа бастаманы партия мемлекеттік органдармен, үкіметтік емес ұйымдармен және бизнес қауымдастықпен бірлесіп іске асыруда. Жоба негізінде партияның еліміздегі барлық қоғамдық қабылдау бөлмелерінің жұмысы жаңғырып, олар «бірыңғай әлеуметтік терезе» жүйесінде қызмет көрсете бастады.

Жоба аясында қоғамдағы өзекті мәселелерді жедел әрі тиімді шешу үшін бұқаралық ақпарат құралдары мен әлеуметтік желілерге жарияланған жазбаларға талдау жасалып, алдын алу мониторингі жүргізіледі. Соның нәтижесінде қоғамдық қабылдау бөлмелері "жедел әрі бір жерде" қағидасы бойынша жұмыс істейді.

"Қазіргі таңда «Nur Otan» партиясы халықтың мүддесін қорғайтын және Елбасы тапсырмаларының орындалуына бақылау жүргізетін басты институт болып табылады. "Халыққа көмек" жобасын жемісті жүзеге асыру үшін қоғамдық қабылдау бөлмелерімен бірге бастауыш партия ұйымдарының да әлеуетін пайдаланамыз. Өйткені, біздің басты міндетіміз - халықтың мәселесін тиімді шешуге ықпал ету", - деді Шынаргүл Жаңайқызы

Азаматтардың өтініштерін жеке қабылдау, сайт, электронды пошта, Call Center сияқты дәстүрлі жолдардан бөлек, халықпен байланыс әлеуметтік желілердегі парақшалар, WhatsApp мессенджері, тиімді кері байланыс құралы ретінде танылып үлгерген әкімдіктердің цифрлы қызметі және электронды Үкімет порталы арқылы да жүргізіледі.

Өзекті мәселені оң шешу үшін қоғамдық қабылдау бөлмелерінің қызметкерлерімен бірге мемлекеттік орган өкілдері, қажет жағдайда салалық мамандар (заңгер, психолог және т. б.) жұмылдырылған.

Ш.Темирбаеваның айтуынша, қазіргі таңда партия халық пен билікті байланыстырушы «алтын көпір» ретінде қалыптасып отыр.

0
0
252

Осы тақырып бойынша

Партиялық жобаларды таныстыру бағытында мағұлмат - Yvision.kz