Партиялық жобаларды талқылады
Бүгін Nur Otan партиясы Екібастұз қалалық филиалы Саяси кеңесінің өкілдері Қ.Сәтбаев атындағы Екібастұз инженерлік-техникалық институтының оқытушылары және студенттерімен онлайн форматта кездесу өткізді. Жиынның басты мақсаты — партиялық жобалармен таныстырып, атқарылған жұмыстар туралы ақпарат беру.
Қалалық филиалдың кеңесшісі Диана Әбенованың айтуынша, «Бақытты отбасы», «Кедергісіз келешек», «Ардагерлерді ардақтайық» және «Құтты мекен» атты төрт негізгі партиялық жоба дәл қазіргі таңда өзекті болып тұрған әлеуметтік жағдайларды шешуге бағытталған.
— Өздеріңіз білесіздер, наурыз айынан бері «Nur Otan» партиясы республикалық деңгейде коронавируске қарсы күресті күшейту, тұрғындарға көмектесу мақсатында Елбасы бастамасымен «Біз біргеміз!» республикалық акциясына бастау берген болатын. Партиялық жобалардың негізінде жүзеге асқан акцияға екібастұздықтар үлкен белсенділікпен қатысты.
