Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Партиялық мониторинг жүргізілді

«Ақтөбе облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы» ММ басшысы Малимбет Ибрашов, «Nur Otan» партиясы Әйтеке би аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Марат Алибаев, Әйтеке би аудандық тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы және автомобиль жолдары, сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімінің басшысы Темирбек Рахметов, «Nur Otan» партиясының Әйтеке би аудандық филиалының партиялық бақылау комиссиясының мүшелері «Құтты мекен» партиялық жобасы аясында салынып жатқан құрылыс нысандарына партиялық мониторинг жүргізді.

Аудандық маңыздағы автомобиль жолдарын және көше-жол желілерін жөндеу жұмыстарына аталған бөлімге барлық бюджет түрлерінен 1,277 млрд.теңге бөлініп, 11 жоба жүзеге асырылуда.

Осылардың 7 жобасы «Жұмыспен қамту жол картасы» бағдарламасы бойынша Темірбек Жүргенов ауылында ауылішілік 7 көшеге, яғни Абылайхан, Жастар, Ы.Алтынсарин, (мердігер-«Атом-БГ»ЖШС) Қ.Айтазин, Абай, Б.Момышұлы және Ю.Гагарин(мердігер-«Кең Даңғыл»ЖШС) көшелерінің жолын орташа жөндеуге230,9 млн. теңге қаражат бөлінді. Қазіргі уақытта барлығы 4,4 шақырым көше жолдарына жөндеу жүмыстары жүргізілуде. Осы көшелердегі жөндеу жұмыстары толық аяқталды.

0
0
196

Осы тақырып бойынша

Партиялық мониторинг жүргізілді - Yvision.kz