Партиялық куратор комиссиясының отырысы өтті
Отырыста партиялық куратор Р.Салыкова, облыстық партия филиалы төрағасының орынбасары С.Нұрқадыров, мекеме басшылары, мәслихат депутаттары, БПҰ төрағалары қатысты. Күн тәртібінде өнеркәсіптік өндіріспен өнімдер көлемінің ұлғаюы, «Даму» қорының қызметімен кәсіпкерлікті қолдау мәселелері қаралып, жауапты мекеме басшылары партиялықтарға есептерін берді. Баяндамашылардың есептері бойынша комиссия мүшелері сұрақ-жауап алмасып, шара соңында жиында айтылған мәселелерді негізге ала отырып, мекеме басшыларына тиісті ұсыныстар жолданды.
