Партиялық билет тапсырылды
«Nur Otan» партиясы Ордабасы аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Әлиасқар Бердімұрат партия туралы аз-кем ақпарат бере келіп: «Nur Otan» — халықтың партиясы. Бүкіл еліміз бұл партияны қолдайды. 2020 жылғы 25 қарашада партиямыздың кезектен тыс ХХ Съезі болып өтті. Бұқаралық ақпарат құралдарынан естігендеріңіздей мұғалімдердің жалақысы өседі, 2023 жылға дейін медицина саласы қызметкерлерінің жалақысы 2,5 есеге көбейеді. «Nur Otan»-ның бастамасымен көптеген игі істер жүзеге асып жатыр. Мұның бәрі Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың сарабдал саясатының арқасында деп білемін», — деді.
Атап айтатын болсақ, аудандық аурухананың балалар дәрігері Иманова Айгерімге, «Атамекен» жалпы орта мектебінің мұғалімдері: Дүйсенбек Сарагүлге, Қаңлыбаева Клараға, Өтебаева Айгерімге, Абидаева Гүлмираға, Исмайлова Севараға, Отарова Жарқынайға, Жақсылықова Айданаға, Альханова Клараға, Примқұлова Тайкүлге, аудан әкімдігінің мұрағатшысы Жартметова Гүлшатқа және «Nur Otan» партиясы аудандық филиалының штабтағы тілшісі Жүрсінбек Батырәліге партиялық билет берілді.
Бұдан соң Әлиасқар Байдуллаұлы 1-желтоқсан — Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күні мерекесіне орай, Елбасы, «Nur Otan» Партиясының Төрағасы Н.Ә.Назарбаевтың стратегиялық бағытын, партияның бағдарламалық мақсаттары мен міндеттерін іске асыруға, сондай-ақ еліміздің қоғамдық-саяси өміріне белсенді атсалысқан бірнеше азаматты Алғыс хатпен марапаттады.
