Партиялық бақылау жүргізілді.
8 сәуір күні «Nur Otan» партиясының Казталов аудандық филиалының партиялық бақылау комиссиясының мүшелері Жалпақтал ауылындағы Жалпақтал аграрлық және салалық технологиялар колледжі жанындағы жатақхананың ахуалымен танысып, бақылау жүргізді.
Жалпақтал аграрлық және салалық технологиялар колледжіне алыс-жақын ауылдық елді - мекендерден келіп оқитын білім алушылар үшін қуаттылығы 50 орындық жатақхана жұмыс жасайды.
Биылғы 2020-2021 оқу жылында «ҚР Білім және ғылым министрінің 2020 жылғы 13 тамыздағы №345 бұйрығының 3-қосымшасына» сәйкесті жатақханадан орын бөлу және орналастыру комиссия отырысы колледждің 22 студенттін жатақханаға орналастыруға шешім етті. Жатақхана штаттық кестесі бойынша 12 қызметкер жұмыс жасайды. Жатақхананың ұл-қыздар орналасқан тұрғын бөлмелер саны – 8. Сонымен қатар жабдықталған оқу залы, медбикенің және оқшаулау бөлмесі бар. Колледждің кітапханасымен /Wi-Fi орнатылған/ 50 орындық асхана қызмет атқаруда. Білім алушылардың жеке бас гигиенасын сақтау мақсатында қолданылатын кір жуу, жуыну бөлмелері және қыз балалар үшін гигиеналық бөлмесі қарастырылған.
Қазіргі уақытта колледж әкімшілігінің «Құрылысконсалтинг» Ұлттық орталығы» Акцонерлік қоғамы мекемесімен 2018 жылдың 14 қыркүйегінде жасаған №174 келісім шарттың негізінде «апатты» деп танылған колледж теңгеріміндегі 1979 жылы салынған жатақхана ғимараты студенттер тұруына қауіпті де жарамсыз. 2018 жылдың қыркүйек айында «Құрылысконсалтинг» мекемесі дайындап, бекіткен жатақхана ғимаратын зерттеу туралы «Техникалық қорытындысының» мерзімі өткен.
Партиялық бақылау комиссиясының мүшелері жатақхананың жағдайы мен жөндеу жұмыстары жөнінде ұсыныстың партия назарында болатындығын атап өтті.
«Nur Otan» партиясының Казталов аудандық филиалы



