Партиялық бақылау жүргізілді
«Nur Otan» партиясы Темір ауданына қарасты Партиялық бақылау комиссиясы мүшелері Шұбарқұдық кентіндегі «Қызылжар» мөлтек ауданында 2019 жылы бастау алған «Ауыл – Ел бесігі» атты бағдарламасы аясында бой көтеріп жатқан дене шынықтыру-сауықтыру кешенінің құрылысына бақылау жұмыстарын жүргізді.
«Жалпы жобаның құны - 450737,0 мың теңге. 2019 жылы республикалық бюджеттен 250000,0 мың теңге және облыстық бюджеттен 12000,0 мың теңге бөлініп, толық игерілген. Құрылысты жүргізіп жатырған жауапты мердігер «Көктем-Строй» ЖШС-гі. 2020 жылы республикалық бюджеттен 102718,0 мың теңге және облыстық бюджеттен 27191,0 мың теңге бөлінген, оның ішінде құрылыс жұмыстарына республикалық бюджеттен 97512,0 мың теңге және облыстық бюджеттен 26612,0 мың теңге. Құрылыс жұмысына 46 адам жұмылдырылды. Қазіргі таңда жұмыс қарқынды жүріп жатыр, жоспарға сәйкес үстіміздегі жылдың қараша айында ел игілігіне беріледі», -деді «Көктем-Строй» ЖШС-нің басшысы Шамиль Маханов.
Партиялық бақылау комиссиясының төрағасы Б.Шаимов жұмыс барысымен танысып, құрылыс нысанына жауапты мердігер мекемеге жұмыстың сапалы болуына аса мән берілу керектігін баса айтып, бірнеше сын пікірлерді де жеткізді және алдағы уақытта әлі де бақылау жұмыстары жүретінін ескертті.
