"Партиялық бақылау жұмыстары жүргізілді"
Партиялық бақылау жұмыстары жүргізілді
“Nur Otan” партиясы Жаңаөзениқалалық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Ж.Муханов бастаған партиялық бақылау комиссиясының тобы М.Мамутовпен Ж.Мұханбетқалиқызы Жаңаөзен қаласындағы салынып жатырған мемлекеттік мұрағаттың құрылыс жұмыстарына бақылау жүргізді.

Құрылыс жұмысын жүргізуші бас мердігер - “Оңдасын Строй” ЖШС мекемесі. Нысан басында 18 жұмысшы жұмыс жасауда. Қазіргі таңда нысанның ішіне жылу жүйелерін орнату, ішкі-сыртқы сылақ жұмыстары жүргізілуде. Құрылыс нысаның жұмыстарын аяқтау мерзімі ағымдағы жылдың қараша айы.

Рейдтік шара барысында құрылыс басында жүрген жұмысшылардың құрылысқа киюге арналған каскаларының жоқтығы анықталып, құрылыс алаңындағы қауіпсіздік ережелері мен карантиндік шараларды сақтауды қамтамасыз ету жөнінде ескерту берілді.
