Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Партиялық бақылау шаралары

«AMANAT» партиясының партиялық бақылау шаралары шеңберінде партия мүшелері, Батыс Қазақстан облыстық мәслихатының депутаты Есқайыр Илемесов, Жәнібек аудандық мәслихат депутаты, «AMANAT» партиясының Жәнібек аудандық филиалының атқарушы хатшысы Біржан Қуаналиев және Жәнібек аудандық мәслихат хатшысы Тахир Кадимов «Казталов–Жәнібек–РФ шекарасы» республикалық маңызы бар жолында жүргізіліп жатырған күрделі жөндеу жұмыстарының барысымен танысты. Жұмыстардың мердігері «ТемірЖолЖөндеу» ЖШС өкілі, серіктестіктің осы жол учаскесіндегі филиалының директоры Рүстем Кембаевтың берген ақпаратына сай қазіргі кезде жолдарды қыру және тегістеу, жолға цемент-қиыршық тасты қоспасын төсеу жұмыстары атқарылуда. Бүгіңгі күнге 2 шақырым жолға цемент-қиыршық тасты қоспасы төселді. Жылдың соңына дейін жолдың 34 шақырым бөлігіне бірінші төсеніш төсеу жұмыстары аяқталады деп күтілуде. Дегенмен, жұмыстарды жүзеге асыру барысында өзекті мәселелер де туындайды. Рүстем Кембаевтың айтуынша, вагондардың тапшылығынан бүгінгі күні құрылыс материалдарын тасымалдау үлкен қиындықтар туғызып отыр. Өз кезегінде, партиялық бақылау комиссиясының мүшелері Есқайыр Елемесов, Біржан Қуаналиев және Тахир Кадимов мердігер өкіліне жөндеу жұмыстарының желілік кестесін қатан сақтау қажеттілігін көрсете отырып, жұмыстардың дер кезінде және сапалы атқарылуын басты назарда болуы тиіс деген сипатта ескерту жасады.

0
0
173

Осы тақырып бойынша