Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Партиялық бақылау комиссиясының жиыны өтті.

2021 жылдың 29 қыркүйегінде «Nur Otan» партиясы Тасқала аудандық филиалының жанындағы Партиялық бақылау комиссиясының жиыны өтті. Жиынға партиялық бақылау комиссия төрағасы Г.Турганалиев, «Nur Otan» партиясы Тасқала аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Л.Жұбанышқалиева, "Амангелді" БПҰ , "Білім" БПҰ , "Жақсығұлов" БПҰ төрайымдары және комиссия мүшелері қатысты. Жиынның күн тәртібінде Бастауыш партия ұйымдарының жетекшілері партия жұмысын қайта жүктеу бойынша жұмыстарды жалғастыру, партия қатарына жаңашыл көзқарастары бар азаматтарды, қоғам белсенділерін партия қатарына тарту туралы «Амангелді», «Жақсығұлов», «Білім» БПҰ төрайымдарының есептері тыңдалды. Бастауыш партия ұйымдарының төрайымдары «Амангелді» /С.Галиева/, «Жақсығұлов» /Б.Кентоғаева/ және «Білім» /Б.Батырова/ «Бақытты отбасы», «Ардагерлерді ардақтайық», «Кедергісіз келешек» партия жобалары аясында жұмысты жандандырып туралы тапсырмалар берілді.

0
0
141

Осы тақырып бойынша

Партиялық бақылау комиссиясының жиыны өтті. - Yvision.kz