Партиялық бақылау комиссиясының отырысы өтті
Жиынға облыстық Партиялық бақылау комиссиясының мүшелері, Шығыс Қазақстан облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасарының міндетін атқарушы Е.Ж. Рахимбаева, «Nur Otan» партиясы қоғамдық қабылдау бөлімінің меңгерушісі Ж.Б Қаныбекова және ZOOM қосымшасы арқылы «Nur Otan» партиясы Семей қалалық филиалы төрағасының бірінші орынбасары м.а. Куржикаева М.М., Партиялық бақылау комиссиясының төрағасы, қалалық мәслихат депутаты И.В Карпенко қатысты.

Отырыстың күн тәртібінде «COVID 19» пандемисына қарсы екпенің жүргізілу барысы, партия мүшелерінің қоғамдық қабылдауындағы жұмыстары және Семей қалалық партиялық бақылау комиссиясының 2020-2021 жылғы атқарған жұмыстары талқыланды.

- 2021 жылғы 31 қаңтарда өңірімізге 1300 доза мөлшерінде «Спутник V» вакцинасы жеткізілді. Жалпы вакциналарды жеткізу ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің әртүрлі тапсырысына сәйкес «СК-Фармация» конпаниясының кестесіне сәйкес кезең-кезеңімен жеткізіліп жүзеге асырлуда.
Бүгінгі таңда облыс тұрғындарының 13,7% немесе 747 000 адамға екпе жүргізілді- дейді басқарма басшысының орынбасарының міндетін атқарушы Е.Ж. Рахимбаева.

-Жыл басынан сәуір айына дейін партияның Қоғамдық қабылдауларына 4381 азамат жүгінді бұл өңір халқының жалпы санына шаққанда 0,3% құрайды. Өтінішпен жүгінген азаматтардың мәселесінің 40% -ы оң шешімін тапса, 53% -мен түсіндірме жұмыстары жүргізілген, ал қалған 7% -ы бойынша әлі жұмыс жүргізілуде- дейді «Nur Otan» партиясы Қоғамдық қабылдау бөлімінің меңгерушісі Ж.Б Қаныбекова.
Партияның Қоғамдық қабылдау бөліміне азаматтар көбіне баспана әлеуметтік көмектер, жұмысқа орналасу мәселесі, еңбек ақыға байланысты сұрақтар бойынша жүгінеді.
Партиялық бақылау комиссиясының отырысы қорытындысы бойынша жауапты мемлекеттік органға және партия филиалының қызметкерлеріне нақты ұсыныстар беріліп, орындалуы бақылауға алынды.
