Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Партиялық бақылау комиссиясының отырысы өтті.

2021 жылдың 26 ақпаны күні «Nur Otan» партиясы Күршім аудандық филиалының Партиялық бақылау комиссиясының отырысы болып өтті. Комиссияны төрағасы Тойбаев Шакерхан Мамырханұлы жүргізді. Комиссия отырысында Қазақстан Республикасының Президенті Қ.Тоқаевтың 2020 жылғы 1 қыркүйектегі Қазақстан халқына Жолдауының Күршім ауданында жүзеге асырылуы туралы Күршім аудандық ішкі саясат бөлімі басшысының міндетін атқарушы Карапетян Армен Гагиковичтің ақпараты тыңдалды. Күн тәртібіндегі мәселені тыңдап, талқылай келе шешім қабылданып, нақты тапсырмалар берілді.

Қазақстан Республикасының Президенті Қ.К.Тоқаевтың 2020 жылғы 1 қыркүйектегі «Сындарлы қоғамдық диалог-Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» атты Жолдауын насихаттауды ары қарай жалғастыру, Жолдаудағы тапсырмалардың ауданда орындалуы туралы ақпараттарды бұқаралық ақпарат құралдарында, әлеуметтік желілерде жариялап отыру, Мемлекеттік мекемелердегі, қоғамдық орындардағы жолдауға арналған стендтердің жаңартылуын ұйымдастыру, Жолдауды ауданда іске асыру бойынша іс-шаралар жоспарын бекітіп, орындалуын бақылауға алу ұсынылды.

0
0
119

Осы тақырып бойынша

Партиялық бақылау комиссиясының отырысы өтті. - Yvision.kz