Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Партиялық бақылау комиссиясының отырысы өтті

Партиялық бақылау комиссиясының отырысы өтті.

Бүгін "Nur Otan" партиясы Шыңғырлау аудандық филиалында ZOOM платформасы бойынша партиялық бақылау комиссиясының отырысы болып өтті. Отырысқа партиялық бақылау комиссиясының мүшелері онлайн жүйесінде қатысты.

Бақылау комиссиясының отырысын аудандық партия филиалы төрағасының бірінші орынбасары,комиссия мүшесі Байтенова Светлана Ешматқызы ашып, жүргізіп отырды. Отырыстың күн тәртібіндегі мәселе, партиялық бақылау комиссиясының.2021 жылғы жоспары мен аудандық партия филиалының бастауыш партия ұйымдарындағы ішкі партиялық тәртіптің сақталуы тақырыбында болды. Күн тәртібіндегі мәселелер бойынша комиссия мүшелері Гүлсім Фазылқызы Қуанаева,есеп және статистика меңгерушісі Бибігүл Құлымбетқызы Сүйіндикова аталған мәселелер төңірегінде атқарылып жатырған жұмыстарға тоқталды.

Отырыс барысында аудандық партия филиалы жанындағы партиялық бақылау комиссиясының мүшесі Бекениязов Өмірбек Сайынұлы қазіргі таңдағы бастауыш партия ұйымдарындағы ішкі партиялық тәртіпке қатысты өз ұсынысын білдірді. Партияның жарғысы мен бақылау комиссиясының ережесіне сәйкес оған қабылданған азаматтар ішкі тәртіпті сақтап, оның маңыздылығы терең түсінуі керек. Өйткені, бұл – алдағы мақсат-міндеттерді жүзеге асырудағы басты талап болып отыр. Бұдан бөлек, бағдарламалық құжаттарды және партия Төрағасы тапсырмаларын, саяси кеңестер шешімдерінің орындалуын тұрақты түрде қадағалап, бағалап отыру керектігі де отырыста айтылды.

0
0
310

Осы тақырып бойынша