Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Партиялық бақылау комиссиясының отырысы өтті.

«Nur Otan» партиясы Қарақия аудандық филиалы жанындағы Партиялық бақылау комиссиясының және сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет жөніндегі қоғамдық комиссияның отырысы өтті.

Отырысқа аудандық филиал төрағасының бірінші орынбасары Қ.Көшенов, «Қарақия аудандық жұмыспен қамту орталығы» директорының орынбасары Н. Оңалов, Партиялық бақылау комиссия мүшелері Б.Бишенов, Б.Байбузов, К.Избергенов, Е.Бегнияз және де Қарақия аудандық филиалы жанындағы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі қоғамдық кеңесінің төрағасы М.Сарсенғали қатысты.

Күн тәртібінде:

1. « Жұмыспен қамту-2020» мемлекеттік бағадрламаны іске асыру;

2. Аталған бағдарлама шеңберінде жобалардың іске асырылу барысы туралы;

Күн тәртібіндегі бірінші, екінші мәселе бойынша «Қарақия аудандық жұмыспен қамту орталығы» директорының орынбасары Н. Оңалов баяндама жасады.

Қарақия ауданында «Жұмыспен қамтудың 2020 жылға арналған жол картасы» мемлекеттік бағдарламасы бойынша 29 инфраструктуралық жоба жүргізілді.

Жол картасы бойынша барлығы 1141 жұмыс орыны, оның ішінде 576 жұмыс орыны жұмыспен қамту орталығы арқылы құрылады.

Қазіргі таңда интеграциялық картаға құрылған жұмыс орындарының 1146-сы, яғни 100,4 пайызы енгізілген..

Сонымен қатар, жұмыспен қамту орталықтары арқылы жұмысқа орналасқандардың саны 649 адамды құрап отыр(«Еңбек нарығы» базасы бойынша 622 адам), бұл жоспардың 112,3 пайызы.

Жұмыспен қамту орталығы арқылы жолданған 647 адамның 595-нің еңбек келісім-шарты тіркелген, яғни 91,6 пайызы.

Жол картасы арқылы жүргізіліп жатқан 29 жоба бойынша жоспарға сәйкес орталық арқылы жұмысшылар жолданып, орналасты- деді Н.Оңалов.

Аудандық «Nur Otan» партиясы филиалы төрағасының бірінші орынбасары Қ.Көшенов « Жұмыспен қамту-2020» бағдарламасы бойынша мәселелерді Партиялық бақылау комиссиясымен бірге шешуді ұсынды,партиялық бақылау комиссия мүшелері осы аталған ұсыныстарды басты назарда ұстап,сол бойынша жұмыстану керектігін айтты.

0
0
143

Осы тақырып бойынша

Партиялық бақылау комиссиясының отырысы өтті. - Yvision.kz