Партиялық бақылау комиссиясының отырысы өтті
Ағымдағы жылдың 12 қараша күні онлайн форматта «Nur Otan» партиясы Индер аудандық филиалының Партиялық бақылау комиссиясының отырысы өтті. Онда аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы Б.Иманғазиевтің атқарылған жұмыстарының есебі тыңдалды.
