Партиялық бақылау комиссиясының отырысы өтті
Ағымдағы жылдың 25 қарашасы күні Nur Otan партиясы Махамбет аудандық филиалы ғимаратында Аудандық патриялық бақылау комиссиясының отырысы өтті. Отырысқа аудандық партия филиалы төрағасының бірінші орынбасары Р.Аженов, партиялық бақылау комиссиясының төрағасы М.Мырзашев, мүшелері С.Жайлашев, М.Сейдеғалиев, Аудандық денсаулық сақтау саласының ардагері, аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Ермек Сабырұлы, бастауыш партия ұйымдарының төрағалары қатысты және онлайн ZOOM бағдарламасы арқылы партиялық бақылау комиссиясының мүшелері Н.Нұрмолдаева, Б.Рахметов, Б.Сисенова қатысты. Отырысты бақылау комиссиясының төрағасы М.Мырзашев ашып жүргізіп отырды. Аудандық партия филиалының Партиялық бақылау комиссиясының отырысының күн тәртібіне екі мәселе ұсынылады:

1. Махамбет аудандық орталық ауруханасы мекемесіндегі ағымдағы жылы елімізде белең алған пандемия кезінде атқарылған жұмыстар және алдағы уақыттағы дайындық жұмыстары туралы

2. «Аудандық мәдениет үйі», «Жас Дәурен мәдениет үйі», «Бақсай мәдениет үйі», бастауыш партия ұйымдарының партияның бағдарламалық құжаттарының қағидаларын және ҚР Президентінің, партия Төрағасының тапсырмаларын іске асыру бойынша атқарған жұмыстары туралы

