Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Партиялық бақылау комиссиясының отырысы өтті

Бүгін Мұнайлы аудандық «Nur Otan» партиясы жанындағы партиялық бақылау комиссиясының отырысы болып өтті. Аталмыш жиын «Саясат» БПҰ мүшелерімен өткізіліп, отырыста партиялық бақылау комиссиясы төрағасы Ө. Сабытаев төрағалық етіп, комиссия мүшесі Н. Ордаған жүргізіп отырды. Отырыста қаралған мәселеле - партиялық тәртіптің сақталуы мен «Партия мүшелерінің Әдеп кодексін» түсіндіру болды.

Бүгін бұл бағыт ерекше қадағалауды және партиялық активтің жігерін жұмылдыруды талап етеді. Бұл партия қатарының сапасын жақсарту мақсатында жасалды.

«Партия мүшесінің Әдеп кодексінің» сақталуы мәселесіне ерекше маңыз берілген. Аудандық партия ұйымының жетекшісі Ө. Сабытаев отырыс қатысушыларына аталған Кодекстің мақсатын түсіндірді.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманы, әдеп Кодексі мен партиялық тәртіптің сақталуы мәселесін түсіндіру бойынша жұмысқа аудандық бастауыш партия ұйымдары белсенді ат салысты.

0
0
101

Осы тақырып бойынша

Партиялық бақылау комиссиясының отырысы өтті - Yvision.kz