"Партиялық бақылау комиссиясының отырысы"
Бүгін партия филиалының мәжіліс залында «Nur Otan» партиясы жанындағы Партиялық бақылау комиссиясы мен Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі қоғамдық кеңесінің бірлескен отырысы өтті.

Отырысты «Nur Otan» партиясы Жаңаөзен қалалық филиалы Партиялық бақылау комиссиясы төрағасының орынбасары А.Исаева ашып, жүргізді.

Күн тәртібінде "Жұмыспен қамтудың жол картасы-2020" мемлекеттік бағдарламасының жүзеге асырылу барысының қорытындысы бойынша жауапты мемлекеттік мекеме басшыларының баяндамалары тыңдалды. Аталған мәселе бойынша баяндама жасаған Жаңаөзен қалалық дене шынықтықтыру және спорт бөлімінің басшысы Жаңабай Аймаганбетовтың, қалалық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы Юсуф Коккозовтың, қалалық тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы бөлімінің бас маманы Бахтияр Төлебайдың, қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің атқарылған жұмыстар бойынша баяндамалы тыңдалды.

Аталған мәселелер аясында комиссия мүшелері тарапынан сұрақтар қойылып, ұсыныс-пікірлер талқыланды.
