Партиялық бақылау комиссиясының онлайн режимде отырысы өтті
Бүгін "Nur Otan" партиясы Қарақия аудандық филиалы жанындағы Партиялық бақылау комиссиясының төрағасы Махмутов Аманат Талгатұлы ZOOM платформасы арқылы мүгедектерді жұмыспен қамту және жұмысқа орналастыру мәселелерін онлайн режимде талқылады.
Күн тәртібіндегі мәселе, мүгедектерді жұмыспен қамту және жұмысқа орналастыру мәселесі.
Отырыс барысында Қарақия аудандық жұмыспен қамту,әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімінің бас маманы Утарбаева Айгулдің баяндамасы тыңдалды.
Жиналыс соңында мүгедектер тарапынан тускен барлық ұсыныстар ескеріліп, Партиялық бақылау комиссиясының назарына алынатын болады.
