Партиялық бақылау комиссиясының мүшесі спорт саласының өкілдерімен кездесу өткізді
Бүгін «Nur Otan» партиясы Жуалы аудандық филиалы Партиялық бақылау комиссиясының мүшесі Қадырбек Гүлнұр Қадырбекқызы спорт саласының өкілдерімен кездесу өткізді. Кездесу барысында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың "Жаңа жағдайдағы Қазақстан: іс-қимыл кезеңі" атты Қазақстан халқына жолдауын жан-жақты талқылап, әлеуметтік қамсыздандыру мәселесіне жете тоқталып, пікір алысты.
