Партиялық бақылау комиссиясының мүшелері үкіметтік емес ұйымның өкілдерімен кездесті
Бүгін жоспарға сәйкес қарашаның жиырма үші күні партиялық бақылау комиссиясының мүшелері үкіметтік емес ұйымның өкілдерімен кездесті. Аталған жиынға Партиялық бақылау комиссиясының төрағасы Нөкеев Аділжан, үкіметтік емес ұйымның жетекшілері мен ауданның жастары және жергілікті тұрғындар қатысты. Жиын "Қазақстанның әлеуметтік жаңғыруындағы ҮЕҰ рөлі" тақырыбында өтті. Кездесу барысында көкейкесті мәселелер көтеріліп, үкіметтік емес ұйымдар жетекшілерінен түскен ұсыныстар қаралды.
