Партиялық бақылау комиссиясының кезекті жиыны
"Nur Otan" партиясы Құрманғазы аудандық филиалы жанындағы партиялық бақылау комиссиясының отырысы болып өтті. Комиссия отырысын төрағасы Б.А.Кенжебаев жүргізді.

Күн тәртібінде: "Партиялық қоғамдық қабылдаулар бойынша заңды және жеке тұлғалардың атынан партия мүшелеріне қатысты 2020 жылы сараптамалық жұмыстар жүргізу туралы" мәселе қаралып, атқарылған жұмыстарға хабарлама жасалып, қаулы қабылданды.
