Партиялық бақылау комиссиясының кезектен тыс отырысы
"Nur Otan" партиясы Маңғыстау облыстық филиалы жанындағы партиялық бақылау комиссиясының кезектен тыс отырысы өтті. Күн тәртібінде Мұнайлы ауданы, Маңғыстау ауылының тұрғыны Орынгүл Мұхтарқызының әлеуметтік желіде жариялаған шағымы қаралды. Отырысқа партиялық бақылау комиссиясы төрағасының орынбасары Ғ.Құрманғалиев, партиялық бақылау жөніндегі инспектор А.Хибасов, комиссия мүшелері А.Сүгірбай, Т.Болатбаева, Н.Тлепов және "Маңғыстау жылу" МКК директоры Б.Қазақбаев қатысты. Отырыс барысында аталған мәселенің орын алу себептері, ауданға берілетін жылу мөлшері, нормативке сәйкестігі, мониторинг қорытындысы қаралды. Партиялық бақылау комиссиясының шешімімен арнайы мониторинг тобы құрылып, аталған мәселе бойынша тиісті мекемелердің оперативті жұмыс жасау үшін жұмыстанатын болады.


