Партиялық бақылау комиссиясының бастамасымен көшпелі отырыс өтті.
Аудандық партиялық бақылау комиссиясының төрағасы С.Жардемалиевтың бастамасымен, аудандық филиал төрағасының бірінші орынбасары Р.Саматов және аудандық газ мекемесінің басшысы Ж.Жақсымбетов газды қолдану және жабдықтау мәселелері бойынша аудан орталығында үйлерді аралап ауылдық округтерге көшпелі отырыстар өткізді. Тұрмыстық газ жылыту пештерін пайдалануын түсіндіру жұмыстары кезінде аудан тұрғындарына пештің жарамдылығын және мұржаның тартуын үнемі бақылау қажеттігін, мұржаның бойын тазалап тұруды ескертті. Ережеге сай емес жалғанған газ желілерін қайтадан сәйкестендіруге тапсырмалар берді.
