Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Партиялық бақылау комиссиясының "ҚазИИТУ" ғылыми-білім кешенінің жас ғалымдарымен кездесті

Кездесу барысында студенттерге берілетін түрлі гранттар мен инновациялық жобалар жайлы айтылды.

Жиында сөз алған оқу орны құрылтайшысының орынбасары Аида Маратова "ҚазИИТУ" кешенінің студенттері мемлекеттік, облыстық деңгейдегі гранттармен қатар құрылтайшы тарапынан берілетін гранттарды иелену мүмкіндігі бар екен жеткізді. Сонымен қатар университет студенттері мен ғалымдары инновациялық жобалармен белсене айналысады.

Республикалық жоғары техникалық колледжінің оқытушысы Жанболат Маратұлының айтуынша, студенттер робототехника курстарына көптеп тартылады. Олар өздерінің өнертапқыштық жобаларымен халықаралық байқауларға қатысып, жақсы нәтижелер көрсеткен.

Оқу орнында түрлі ғылыми орталықтармен, шетелдік жоғары оқу орындарымен әріптестік байланыс жолға қойылған.

Осы тақырып бойынша

Партиялық бақылау комиссиясының "ҚазИИТУ" ғылыми-білім кешенінің жас ғалымдарымен кездесті - Yvision.kz