ru
Default banner
Разное
426 297 жазбалар48 тіркелуші
Всяко-разно
0

Партиялық бақылау комиссиясында

Партиялық бақылау комиссиясында.

Ағымдағы жылдың 3 наурыз күні «Nur Otan» партиясы Шыңғырлау аудандық филиалы жанындағы партиялық бақылау комиссиясының отырысы өтті. Күн тәртібінде: Аудан бойынша газ қолдану және жабдықтау мәселелері; Дүкендер мен базарларда қандай дәрі-дәрмектердің әкелінетінін және сатылатындығын бақылау туралы; «Ауданда шағын және орта бизнестін дамуы, несиелендіру, мемлекеттік гранттар туралы»; Партия мүшелерінің тәртіптік мәселелері. Күн тәртібіндегі бірінші мәселе бойынша сөз кезегі аудандық газ учаскесінің басшысы Ақпанов Нұрболат Алиұлы мен аудандық төтенше жағдайлар бөлімінің басшысы Катчеков Бақтияр Бауыржанұлының баяндамалары тыңдалды. Сонымен қатар, екінші мәселе бойынша дүкендер мен базарларда қандай дәрі-дәрмектердің әкелінетінін және сатылатындығын бақылау туралы аудандық кәсіпкерлік және ауыл шаруашылық бөлімі басшысының орынбасары Еслямов Рустем Тельманұлы ақпарат берді. Бүгінгі таңда аудан бойынша аудан бойынша препарат сататын қосалқы және ветеринарлық дүкендер «Хозяюшка», «Ақкөл», «Алмаз» және дәріханалар тексеріліп, аталған препарат жоқтығы анықталды.

Күн тәртібіндегі үшінші мәселе бойынша «Ауданда шағын және орта бизнестін дамуы, несиелендіру, мемлекеттік гранттар туралы» аудандық кәсіпкерлік және ауыл шаруашылық бөлімі басшысының орынбасары Еслямов Рустем Тельманұлы баяндады. -2021 жылдың 1 ақпан айы жағдай бойынша аудандағы шағын және орта бизнес субъектілерінің тіркелген саны 721 бірлік, кәсіпкерлік субъектісі 641 бірлік, оның ішінде заңды тұлға саны 80 бірлік. (Өткен жылғы тісті жылмен салыстырғанда шағын және орта бизнес субъектілерінің тіркелген саны 704 бірлік немесе 102,4 пайызға өсті).Осы күнге жұмыс істейтін шаруашылық субъектілерімен өндірілген өнімдерінің (көрсеткен қызметінің) көлемі 31,5 млн теңгені құрайды. Шағын бизнес субъектілері ауданымыздың бюджетіне өз үлесін қосуда. 2021 жылдың 1 ақпанына 2994,2 мың теңге мөлшерінде салық түсті, соның ішінде заңды тұлғалардан 121,2 мың теңге (Республиклық бюджетке 121,2 мың теңге), жеке тұлғалардан 2872,8 мың теңге (Республиклық бюджетке 2178,2 мың теңге, Жергілікті бюджетке 694,6 мың теңге) (Өткен жылғы тісті жылмен салыстырғанда 7227,4 мың теңге немесе 41,43 пайыз төмен, себебі Covid-19 карантин салдары). 2020 жылға «Еңбек» нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту 2017-2021» бағдарламасы аясында 50 жоба 254 млн. 354 мың тг. жеңілдетілген несие алды. «Еңбек» нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту 2017-2021» бағдарламасы аясында жаңа бизнес-идеяларға 200 АЕК (555600 тг) мемлекеттік гранттар алу бойынша ауданымыздың 116 тұлғаға 64 млн. 449 мың 600 тг. грант берілді.

Күн тәртібіндегі төртінші мәселе бойынша «Nur Otan» партиясы Шыңғырлау аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Светлана Ешматқызы Байтенова таныстырды. «Nur Otan» партиясы қоғамдық бірлестігі жарғысына сәйкес ескерту берілді.

Комиссия отырысында күн тәртібіндегі мәселелер тыңдалып, хаттамалық тапсырмалар жазылды.