Партиялық бақылау комиссиясы электр жүйелері және жылыту жүйесінің жұмысымен танысты.
"Nur Otan" партиясы Маңғыстау облыстық филиалының партиялық бақылау комиссиясы әлеуметтік желілердегі және WhatsApp мессенджерлерінде тұрғындар тарапынан қозғалып жатырған мәселелер бойынша Ақтау қаласындағы электр жүйелері және жылыту жүйесінің жұмысымен танысты. Жұмыс барысында аталған жүйелердің талапқа сәйкестігі қаралып, тексерілді. Тұрғындар тарапынан түскен арыз шағымға жүйелі түрде жауап беріп, тиісті мекемелердің оперативті жұмыс жасауын қамтамасыз етуді тапсырды.
