Партиялық бақылау комиссия жұмысы
Шағым негізінде тез арада комиссия құрылып, тұрғын үй кешеніндегі халықпен кездесу өткізілілді. Кездесу барысында барлық ақпарат алынып, бүгін "Nur Otan" партиясы Бостандық аудандық филиалының кеңсесінде екі жақты біріктіріп, ортақ мәмілеге келу барысында жиын өткізді. Жиынға "Nur Otan" партиясы Бостандық аудандық филиалы төрағасаныңы бірінші орынбасары Баймұрат Жамбылов, аудандық филиалдың Партиялық бақылау комиссиясының төрағасы Болатжан Бозымбаев пен төраға орынбасары Камал Жамангозов және аудандық филиал жанындағы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл қоғамдық кеңесінің төрағасы Эльдар Карибаев қатысты. Комиссияның басты мақсаты - екі жақпен диалог орнату арқылы бір шешімге келтіру. Нәтижесінде Мүлік иелерінің бірлестігінің (ОСИ) төрағасы Бауыржан Болатбекұлы шағымданушы тарапынан қойылған ұсыныстарды қабылдап, алдағы уақытта бірлесе жұмыс атқаратын болды.
