Партиялық бақылау комиссия отырысы
Еңбекшіқазақ аудандық партия филиалының ғимаратында партиялық бақылау комиссияның 2021 жылғы 2 отырысы өткізілді. Күн тәртібінде төмендегдей мәлелер қаралды:
- «Рахат», «Есік», «Бөлек» бастауыш партия ұйымдарының ішкі партиялық тәртіпті күшейту бойынша атқарылған жұмыстары туралы есебін тыңдау және партия мүшелерінің мүшелік жарнасы бойынша есептерін тыңдау;
- Еңбекшіқазақ ауданында автокөлік жолдарына жүргізілетін жөндеу жұмыстары туралы аудандық «Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» ММ-нің басшысының есебін тыңдау;
- Тұрғын үй туралы заң аясында кезекке тұру мәселесі және 2021 жылы қолданыстағы коммуналдық инфрақұрылым мен желілерді ұстауға, жөндеуге және жаңғыртуға бөлінген бюджет қаражатын тиімді жұмсауға байланысты аудандық тұрғын үй коммуналдық-шаруашылық және тұрғын үй инспекциясы бөлімі басшысының есебін тыңдау;
Жиын соңында партиялық бақылау комиссия мүшелері бөлім және БПҰ төрағаларына бірқатар ұсыныстар мен ескертпелер айтылды.
