Партиялық бақылау комиссия мүшелері және филиал қызметкерлерінің рейд жүргізуі.
Партиялық бақылау комиссия мүшелері және филиал қызметкерлері бірлесе отырып, халық арасында COVID-19 коронавирустық инфекциясының таралуының алдын алу, азаматтардың өмірі мен денсаулығын қорғауға бағытталған шаралардың мекемелерде сақталуын қадағалау мақсатында мекемелерге рейд жүргізді. Тексеру барысында мекеме ғимараттарында жуу құралдарын қолданылуда, барлық жұмыс беттеріне ылғалды жинау жүргізіліп, дезинфекциялауға арналған құралдарды пайдаланылып жатқаны анықталды. Мекемеге кірер жерде қолға арналған санитайзерлер орнатылған. Жұмыскерлер бетперде киіп, сақтық шараларын қатаң ұстауда. Санитарлық талаптарды бұзған мекемелер анықталмады.

