Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Партиялық бақылау комиссия мүшелері Ескенеде болды

Ауыл тұрғындарымен аталмыш мәселені жан-жақты талқылады. Бүгінде «Транстелеком» АҚ мекемесінің мамандары Ескене елдімекенін теміржол торабының бергі бетіндегі 11 үйдің 9-на оптикалық желісі арқылы интернет желісі жүргізіп үлгерген. Жоғары жылдамдықты интернет сапалы талшықты-оптикалық байланыс желісі арқылы қосылған. Жалпы, бергі беттегі үйлер бір қатарда тұрғандықтан, ғаламтор тарту оңай болған екен. Ал, теміржолдың келесі бетіндегі үйлер жан-жақта орналасқандықтан, қиыншылықтар орын алған. Сондай-ақ, қажетті материалдардың болмауына байланысты бұл аймаққа интернет тарату жұмысы тұралап қалған. Дегенмен қазан айына дейін «Транстелеком» мекемесі бекеттегі үйлерді 100% интернетпен толық қамтуды жоспарлап отыр. Мәселенің мән-жайына қаныққан партиялық бақылау комиссиясының мүшелері алдағы уақытта осы жайттың шешімі ыңғайланғанша басты назарда болатынын ауыл тұрғындарына жеткізді. Жалпы ауданға қарасты Ескене елдімекенінде мектеп жасындағы 22 бала, Таскескенде 6 бала, No441 бекетте 2 бала бар.

Осы тақырып бойынша