Партиялық бақылау аясында тексеру
«Nur Otan» партиясы Жәнібек аудандық филиалы жанындағы партиялық бақылау комиссияның онлайн-режимінде өткізілген отырысында партиялық бақылау комиссияның мүшесі, Жәнібек аудандық мәслихатының хатшысы Т.З.Кадимовтың атына аудан орталығының тұрғындары атынан Жәнібек ауылының көшелерін жарықтандыруға қатысты сұрақ берілген болатын.
Бұл мәселені шешу бағытында «Nur Otan» партиясының Жәнібек аудандық филиал жанындағы бақылау комиссиясы жергілікті атқарушы органдармен бірлесе отырып қолға алған шаралар нәтижесінде ауданда елді мекендерді жарықтандыру бойынша нақты жұмыстар жүзеге асырылуда. Соның ішінде бүгінгі таңда Жәнібек ауылында 10 көшені жарықтандыру жұмыстары жүргізілуде. Бұл бағытта жарықтандыру жоқ көшелерге жаңадан жарықтандыру құралдарын орнату, жұмыс жасамайтын және тозығы жеткен жарықтандыру құралдарын ауыстыру көзделген. Осы жұмыстар нәтижесінде аудан орталығының тұрғындарынан түскен ұсыныс толық көлемде орындалатын болады.


