Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Партиялық бақылау

«AMANAT» партиясының «Өзгерістер жолы: Әр азаматқа лайықты өмір!» сайлауалды бағдарламасын Жәнібек ауданында іске асыру жөніндегі Жол картасында белгіленген міндеттердің орындалуына партиялық бақылау жүргізу мақсатында Батыс Қазақстан облыстық мәслихатының депутаты Есқайыр Илемесов және партия бақылау комиссия мүшелері «Казталов–Жәнібек–РФ шекарасы» республикалық маңызы бар жолында жүргізіліп жатырған күрделі жөндеу жұмыстарының барысымен танысты.

Жұмыстардың мердігері «ТемірЖолЖөндеу» ЖШС-нің Бас директоры Терекбаев Айбек Арыстанғалиұлының берген ақпаратына сай қазіргі кезде жолдарды қыру және тегістеу, жолға цемент-қиыршық тасты қоспасы мен асфальт төсеу жұмыстары атқарылуда. Бас директордың айтуынша, жыл соңына дейін Жасқайрат елді мекеніне дейін бірінші қабат асфальт төселетінін жеткізді. Өз кезегінде Есқайыр Елемесов мердігер өкіліне жөндеу жұмыстарының желілік кестесін қатан сақтау қажеттілігін көрсете отырып, жұмыстардың дер кезінде және сапалы атқарылуын басты назарда болуы тиіс деген сипатта ескерту жасады.

Осы тақырып бойынша