Партиялық бақылау
Партиялық бақылау аясында 2020 жылы 2 желтоқсан күні «Nur Otan» партиясы Жәнібек аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Біржан Қуанәлиев, «Nur Otan» партиясы Жәнібек аудандық филиалы жанындағы партиялық бақылау комиссиясының төрайымы, аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы Жанар Кушанованың қатысуымен Жәнібек ауылында орналасқан А.Оразбаева атындағы негізгі орта білім беретін мектептің спорт залы құрылысының жұмыс процесімен танысты. Мемлекеттік сатып алу конкурсының нәтижесінде мердігер «Символ» ЖШС болып анықталған,техникалық қадағалаушысы «ҰҚ Құрылысконсалтинг» акционерлік компаниясы белгіленген.Ғимараттың жалпы ауданы 588,8 шаршы метр.

