Партияластармен кездесті
Қазақстан Республикасы Парламент Мәжілісінің депутаттығына кандидат Вера Ким «Екібастұз ГРЭС-2 станциясы» АҚ бастауыш партия ұйымының өкілдерімен ZOOM-конференциясын өткізді.
Депутаттыққа үміткер «Nur Otan» партиясының қала және облыс тұрғындарының әл-ауқатын арттыруға бағытталған жоспарларымен бөлісіп, партияластардың сұрақтарына жауап берді.
Бастауыш партия ұйымының белсенділері зейнетақымен қамсыздандыру, халық тұтынатын тауарлар мен азық-түліктің қымбаттауы, пандемияның қазігі ахуалы туралы сұрақтар қойды.
Екібастұз қалалық сайлауалды Штабының баспасөз қызметі
