Партия жеңсе, пәрменді істердің кезегі келеді!
Партия жеңсе, пәрменді істердің кезегі келеді! ⠀ «Nur Otan» партиясы республикалық сайлауалды штабының Павлодар облысындағы сапары аясында үгіт-насихат тобы Қазақстан электролиз зауытының ұжымымен кездесіп қайтты. ⠀ Атап айтқанда, Мәжіліс депутаттығына үміткер Вера Ким, «Темекі түтінінен еркін Қазақстан үшін» қозғалысының көшбасшысы Джамиля Садықова, «Болашақ» корпоративтік қоры қамқоршылық кеңесінің төрайымы Динара Чайжунусова бастаған партияластар кәсіпорын жұмыскерлерінің жағдайын білісіп, ұсыныстарын тыңдады. 30-дан астам қатысушы жиналған маңызды шарада зауытшылар еңбек қатынасы, техникалық қауіпсіздік сынды өзекті мәселелерге мән беруді өтінді. ⠀ Меймандар жағынан сөз алған Джамиля Жеңісқызы бұл бағытта партиямен уәде етілген іс-шаралар нақты жүзеге асырылатынын, әрі сайлаушылар «Nur Otan» жеңіске жеткен жағдайда саяси құжатта жазылған жоспарлардың орындалуын талап етуі тиістігін қадап айтты. Кездесу соңында штаб мүшелері барша қатысушыларды алдағы жексенбі сайлау учаскелеріне барып, нақты таңдауды жасауға шақырды. ⠀ Одан әрі сайлауалды насихат жұмысы облыс орталығының Достық үйінде жалғасты. Меймандарды жергілікті этно-мәдени бірлестіктердің 50-ден астам белсендісі қарсы алып, көкейде жүрген сауалдарын қойды. Ортаға салынған мәселелердің ең өзектісі – дәрігерлер жалақысы мен коронавирустың болжалды екінші толқынына дайындық. Бұл ретте кезектесе сөйлеген қонақтар коронавирустың алғашқы соққысына төтеп берген саяси күштердің бірегейі - «Nur Otan» болғанын нақты мысалдармен жеткізді. ⠀ Қауіп-қатерге толы кезеңде ақ желеңділердің көбі әлеуметтік тұрғыдан әлсіз қорғалғанын және дәрі-дәрмек тапшылығы айтарлықтай сезілгенін айта келе, қатысушылар «Партия індеттің екінші толқынына қаншалықты дайын?» деген сұрақты қойды. Осы орайда, сайлауалды штаб мүшелері «Nur Otan»-ның саяси құжатында бұл проблемаға айрықша мән берілгенін тілге тиек етіп, негізгі қолдаудың бірі ретінде дәрігерлер еңбекақысының 2 есеге артатынын атап өтті. ⠀ Қазақстан Халқы Ассамблеясының өкілдері жиын соңында меймандарға сәттілік тілеп, 10 қаңтар күні бірауыздан «Nur Otan»-ды таңдайтынын айтып тарқасты. ⠀ #NurOtan
