Партия төрағасының Праймериз қорытындысы бойынша партияның бірінші орынбасары Б.Қ.Байбекті қабылдауы
Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев праймериз қажетті сабақтастықты сақтай отырып, партия қатарын жаңартуға мүмкіндік берген шынайы әлеуметтік сатыға айналғанын баса айтты. «Бұл көптеген адамдар қатысқан партияның ауқымды іс-шарасы болды. Біз мұндайды бірінші рет өткіздік. Партияның назарын қажет ететін көптеген мәселелер айтылды. «Nur Otan» – нақты істер партиясы. Біз қабылдаған шешімдер міндетті түрде орындалуы тиіс», - деді Елбасы. Сондай-ақ Елбасы партияға «Birgemiz» қорымен бірлесіп, бүкіл ел бойынша тағы 100 мың әлеуметтік-осал отбасыларға 50 мың теңге көлемінде қосымша төлемдерді ұйымдастыруды тапсырды.
