Партия ұсынған кандидаттар көпшілік дауыстарды жинады.
2021 жылы 25 шілде күні өткен сайлауда әр ауыл таңдауын жасады. «Nur Otan» партиясы Теректі аудандық филиалының XXХIII конференциясының қаулысына сәйкес, Ақжайық ауылдық округі - Кадыралиев Болат Александрұлы, Ақсуат ауылдық округі - Ахметов Жаннұр Бекбауұлы, Подстепное ауылдық округі – Мадиев Сержан Салембайұлы, Приречный ауылдық округі - Жақсыбеков Мейрамбек Жақсыбекұлы ауылдық округі әкіміне кандидат ретінде сайлауға қатысты. Сайлауға дейінде кандидаттар үгіт-насихат жұмыстарын жүргізді. Кездесу барысында халықтын батасын алып, міне бүгін абыроймен жеңіске жетті. Сайланған әкімдерге сәттілік тілейміз. Алдағы уақытта халықтың сенімін ақтайды деп сенеміз.
