Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Партия мүшесінің Этика Кодексі туралы

«Сен де бір кірпіш дүниеге, кетігін тап та бар қалан», — деп өлең сөздің қас шебері Абай Құнанбаев атамыз айтып кеткендей Еліміздің дамуына әрбір партия мүшесінің, яғни әрбір азаматтың қосар үлесі зор.

Дана бабамыз әл-Фараби «Ғаламда әр адамның өз орны» бар деген екен. Жаратылыстың шындығы да осы. Кеше мен бүгін және ертең жұмыр жер бетінде тіршілік кешетін жанның әрқайсысының өз мәні мен орны, атқарар ісі мен қалдырар ізі болмақ. Өзіміз емес, соңымыздан қалатын дүние мәңгілік. Әр адам сол өзі өмір сүрген ортаға пайдалы қызмет етіп, өзінің әлеуеті деңгейінде қолынан келгенше ел дамуы мен жаңғыруына үлес қосуы керек. Ал, атаның емес, адамның, елдің азаматы болу үшін ең біртіншіден адам өзін тәрбиелеуі. қоғам тыныштығын сақтауы қажет екені айдан анық.

Бүгінгі күні, "Nur Otan" партиясының Зеренді аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Абдуахитов Руслан Абайұлы "Nur Otan" партиясы мүшесінің Этика Кодексінде көрсетілген партия мүшесінің міндеттерімен құқықтарын түсіндіру барысында "Орталық" бастауыш партия ұйымының мүшелерімен онлайн форматта кездесу өткізді.

Кездесу барысында "Nur Otan" партиясының Жарғысына және Доктринасына сәйкес партия мүшесі: Қазақстан Республикасының Конституциясын, заңдары мен нормативтік-құқықтық актілерін құрметтеуге және сақтауға, Елбасы Мемлекеттік бағытының мызғымастығын сақтауға, партия Көшбасшысының саясатын ұстануға және оны дәйекті түрде іске асуына атсалысуға, партияның Жарғысы мен бағдарламалық құжаттарын сақтауға міндетті екендігі айтылды.

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті, Елбасы Н.Ә.Назарбаев негізін қалаған "Nur Otan" партиясы Қазақстанның болашағы және азаматтардың лайықты өмір сүруін қамтамасыз ету үшін өзіне тарихи жауапкершілікті ала отырып, "Қазақстан - 2050" Стратегиясы аясында адамның, қоғамның және мемлекеттің дамуы үшін жағдайларды жақсарту мақсатында экономика мен саясаттағы ауқымды реформаларды дәйекті жүзеге асырып келе жатыр. Партияның әрбір мүшесі өзінің күн сайынғы адал еңбегімен қоғамдық-саяси тұрақтылығын, ұлттық бірлігі мен қоғамдағы келісімін нығайтып, экономикалық жағынан мықты, демакратиялық мемлекетті құруға ұмтылуы қажет.

0
0
259

Осы тақырып бойынша

Партия мүшесінің Этика Кодексі туралы - Yvision.kz