Партия мүшелерінің этикалық кодексті сақтау бойынша БПҰ жиналыстары өткізілді
Бүгін «Nur Otan» партиясы Шыңғырлау аудандық филиалының бастауыш партия ұйымдарында партия мүшелерінің этикалық кодексті сақтау бойынша БПҰ жиналыстары өткізілді. Сонымен қатар «Nur Otan» партиясы мүшесінің Әдеп кодексі туралы түсінік жұмысын жүргізді. Кодексте партия мүшелерінің заңнаманы сақтауы және қадірлеуі,қазақстандық патриотизмді дамытуы, партиялық тәртіпті бұлжытпай орындауы, сонымен қатар көпшілік мақұлдаған моральдық-этикалық жүріс-тұрыс нормаларына сай болуы тиіс екендігі айтылды. Әдеп кодексі сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бағдарламасы аясында партия мүшелерінің жүріс-тұрыс эталондарын бекіту мақсатында қабылданғаны белгілі. Партияның жарғысын, бағдарламалық құжаттарды сақтау, мемлекеттік бағытымыздың, мемлекеттігіміздің мызғымастығын сақтау – ең алдымен үлкен жауапкершілік.
