Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Партия мүшелері партияның жетістіктері мен атқарылған істері жөнінде баяндады.

«Nur Otan» партиясынан Ақмола облыстық мәслихат депутаттығына кандидаттар Ирина Жукова мен Марат Атабаев, Шортанды аудандық мәслихат депутаттығына кандидаттар Ахмедия Қожамсейітов, Гүлнұр Сәдуақасова, Әділ Кауметов, Іңкәрім Қабылхан Андреевка ауылының тұрғындарымен кездесіп, үгіт-нәсихат жұмыстарын жүргізді.

Партия мүшелері партияның жетістіктері мен атқарылған істері жөнінде баяндады.

Бағдарламада белгіленген дамудың жеті басымдығы талқыланып, оның басты мақсаты – халықтың өмір сүру сапасы мен әл-ауқатын жақсарту үшін жағдай жасау басты мәселе екенін айтқан болашақ халық қалаулылары ауыл тұрғындарын алдағы сайлауда дұрыс таңдау жасауға шақырды.Облыстық мәслихат депутаттығына кандидат Ирина Жукова әлемді жайлаған пандемия кезеңінде де нұротандықтар халықты қолдап, көмек көрсеткенін айтты.

- Партияның бағдарламалық ұстанымының дұрыстығын уақыт көрсетіп берді және ол нақты істермен дәлелденді,- деді ол.

«Nur Otan» партиясының 2025 жылға қарай аудан халқын сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету мәселесін толық шешуді жоспарлағаны туралы кандидат Марат Атабаев айтып, оның ішінде 3 ауыл – Ключи, Кмышенка және Новографское ауылдарының сумен қамтылатынын алға тартты.

Сонымен қатар кездесуде кандидаттар тұрғындарды толғандырған сауалдарды тыңдап, оларға нақты жауаптарын берді. Өз кезегінде тұрғындар «Nur Otan» партиясының сайлауалды бағдарламасында белгіленген басымдықтарды қолдайтындарын айтты.

Болашақ халық қалаулылары ауыл тұрғындарына «Nur Otan» партиясының сайлауалды бағдарламаларын таратып, 2021 жылдың 10 қаңтарындағы сайлауға қатысып, белсенді азаматтық көзқарас танытуға шақырды. Қиындықты бірлесе еңсеріп, жеңіске бірге жетеміз!

0
0
151

Осы тақырып бойынша

Партия мүшелері партияның жетістіктері мен атқарылған істері жөнінде баяндады. - Yvision.kz