1 наурыз «Nur Otan» партиясының құрылған және Алғыс айту күніне орай аудандық мәдениет үйінде салтанатты жиын өтті. Салтанатты жиынға аудан әкімі Ғ. Сарыбаев, «Nur Otan» партиясы Алматы облыстық филиалы төрағасының орынбасары С. Нұрқадыров, аудандық мәслихат хатшысы, аудан әкімінің орынбасарлары, "Nur Otan" партиясы аудандық филиалының қызметкерлері, партия ардагерлері, аудандық мәслихат депутаттары, бөлім басшылары, БПҰ төрағалары, қоғам белсенділері мен «Jas Otan» ЖҚ мүшелері қатысты. Жиын барысында аудан әкімі Ғ. Сарыбаев құттықтау сөз сөйлеп, партия белсенділеріне Алғыс хаттары мен сыйлықтарын тапсырып, партия қатарына жаңадан қабылданған мүшелеріне партиялық билеттер мен төс белгілерді салтанатты түрде табыс етті. «Nur Otan» партиясы Алматы облыстық филиалы төрағасының орынбасары С.Нұрқадыров құттықтау сөз сөйлеп, бірқатар партия белсенділерін облыстық партия филиалы төрағасының бірінші орынбасарының Алғыс хатымен марапаттады. Салтанатты жиын партия ардагері Қ. Борманбековтың құттықтау сөзімен жалғасып, аудандық мәдениет үйі өнерпаздары мен этно- мәдени орталықтардың концертімен аяқталды.