ru
Default banner
Разное
426 450 жазбалар45 тіркелуші
Всяко-разно
0

Партия филиалы төрағасының бірінші орынбасары Светлана Байтенова аудан тұрғындарын қабылдады

Бүгін “Nur Otan” партиясы Шыңғырлау аудандық филиалының қоғамдық қабылдау бөлмесінде партия филиалы төрағасының бірінші орынбасары Светлана Байтенова аудан тұрғындарын қабылдады. Қабылдауға келген әрбір азамат назардан тыс қалмады, әрқайсысына заң аясында түсініктемелер мен кеңестер берілді.

Қабылдауға келген азаматтар тарапынан А.Тихоненко көшесіндегі жарық мәселесі,бірінші топ мүгедегін қарау үшін қаражат мәселесі,жұмысқа орналасу,төлем орталығына тапсырылған құжаттары барысында өтініштер түсті.

Әрбір мәселе бойынша істің барлық мән-жайлары анықталды. Мамандардың кеңестері немесе құзырлы мекемелерге қатысты сұрақтарға сәйкес хаттар жолданды.

#NurOtan #BizBirgemiz #Tanday2021